Орталық жайлы

    Мақсаты: Білім беру саласындағы біліктілікті арттыру және бекіту, бағалаудың тәуелсіз жүйесін құру, процеске қатысушылардың кәсіби құзіреттілігі мен олардың іс-әрекет нәтижелерін қалыптастыру.

    Міндеттері:
-    білім беру саласындағы мамандардың кәсіби біліктілік сапасын бағалау (процеске қатысушылардың кәсіби құзіреттіліктері мен іс-әрекет нәтижелерін сараптаудың тәуелсіз жүйесі);
-    кәсіби және тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуді біріктіретін құзіреттілік деңгейінің мониторингі;
-    мамандардың, мамандығы бойынша тәжірибелері жоқ ЖОО түлектерінің біліктілігін сертификациялау; әлеуметтік және білім беру саласы мамандары үшін кәсіби іс-әрекеттегі күрделіліктерді анықтау мен кадрлық резервтерді қалыптастыру;
-    білім беру және әлеуметтік сала мамандарының кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерін арттыру сапасы;
-    кәсіби және тұлғалық даму бағдарламаларын адамзат ресурстары аймағындағы жаңа зерттеулерді, технологияларды ескере отырып құру;
-    құзіреттілікті бағалау арқылы педагогикалық мамандардың өзіндік білім алуға, өзіндік дамуға қажеттіліктерін қалыптастыру;
-    еуропалық білім беру аймағына ықпалдасқан білім беру, ғылым және өндірісті кіріктіруді қамтамасыз ету; зияткерлік жеке меншік өнімдерін және технологияларды саудалау жағдайларын құру.

    Біліктілікті бекіту орталығының миссиясы:
    Педагог мамандығының мәртебесін көтеру, білім беру процесіне қатысушылардың тең дәрежеде ең жақсы білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізулерін қамтамасыз ету; еңбек нарығы, елдің индустриалды-инновациялық, тұлғалық даму міндеттерінің қажеттіліктерін қанағаттандырушы және білім беру аймағының ең жақсы дүние жүзілік тәжірибелеріне сәйкес жоғары білім беру сапасының биік деңгейіне қол жеткізу.
Орталық іс-әрекеті барлық деңгейлерде өзгерістер процесін жүргізеді: студенттер, магистранттар, мұғалімдер, оқытушылар. Педагогикалық құрылымдар тұтастай өзіндік әлеуеттерін бағалау мен жүзеге асыруға, дамуға, жаңа педагогикалық технологияларды өңдеуге, жаңа зияткерлік және коммуникациялық ресурстарды меңгеруге мүмкіндік алады. Барлық қатысушылардың мақсатқа бағытталған және басқарылатын саналы түрде білім алуы, мақсат қоюы, даму процесіне әсер етуі басымдылық жасайды.

 

          БІЛІКТІЛІКТІ БЕКІТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           БІЛІКТІЛІКТІ БЕКІТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТРАЕКТОРИЯСЫ
                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 - біліктілікті бекіту және іріктеу жүйесін қамтамасыз ету (білім беру аймағында бәсекеге қабілетті маманның кәсібін құру, мамандардың кәсіби сапаларының  ниеттестіктеріне, белсенділіктеріне, тұрақтылықтарына, адалдықтарына және жауапкершіліктеріне негізделген бағаларын беру, сонымен бірге, инновациялық және көшбасшылық әлеуеттерінің бағасы);
 - мониторингтік іс-әрекет жүйесі білім беру жүйесі мамандарының тұлғалық, кәсіби және ұйымдастырушылық дамуын қолдау жағдайында ұзақ мерзімді зерттеуді қамтиды;
 - сараптау іс-әрекеті кәсіби іс-әрекетте стандартты, негізгі, жетекші құзіреттіліктерді, ресурстық аймақтарды  және тұлғалық, кәсіби даму әлеуетін анықтайды.
 - мамандарды дайындау немесе қайта даярлау тәжірибелік алаңдар жұмысының маңызды бағыттары болып табылады. Тәжірибелік-бағдарланған сипатқа ие, сондықан объективті тиімді және білім беру модельдері мен дағдыларын жылдам және сапалы жеткізуге мүмкіндік береді. Тәжірибелік алаңдар базасында мамандарды дайындау және қайта даярлау бағдарламалары білім беру саласындағы сұраныстарға әртүрлі және икемді бейімделу әлеуетімен ерекшеленеді.  
 - орталықтың коррекция және даму бойынша іс-әрекеті: білім беру саласы мамандарының тұлғалық және топтық мінез-құлықтарына деструктивті білім беру бойынша ағартушылық және психокоррекциялық шаралар өткізу; білім беру процесіне қатысушылардың мықты жақтарын және олардың дамудағы қажеттіліктерін анықтау; адамның өз жұмысының тиімділігін өзіндік бағалауына жоғары назар аудару; қызметтік баспалдақтың даралық жоспарын құру; білім беру саласы қызметкерлеріне әлеуеттерін жүзеге асыруда көмек көрсету, бар және көрінбеген қабілеттерді жетілдіру үшін мүмкіндіктер жасау.

 

                     БІЛІКТІЛІКТІ  БЕКІТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІ    

 

 

 

 

 

 


       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІКТІЛІКТІ БЕКІТУ ОРТАЛЫҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:
      

Орталық іс-әрекетінің басты нәтижесі педагогтердің біліктілігін жоғарылатуда
концептуалды және құзіретті тұрғырлардың біртұтастығын қамтамасыз ету:
-    педагогтер мен әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейін және даярлау сапасын арттыру; педагогтер мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне белгілі біліктілікті беру және сәйкестігін бекіту;
-    халықаралық стандарттар деңгейінде біліктілікті арттыру және бекітудің тәуелсіз бағасын құру;
-    әлеуметтік саланың әртүрлі деңгейлері және бағыттарында қызмет атқаратын педагогтер мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін,  құзырлық деңгейін бағалау бойынша процедуралар мен әдістемелер кешенін өңдеу;
-    біліктілікті арттыру динамикасының диагностикасы және мониторингінің ғылыми негізделген кешенді жүйесін құру;
-    біліктілікті арттыру жүйесінде оқытудың инновациялық әдістерін, түрлерін дамыту; кадрларды даярлау нәтижесінің сапасын арттыруға бағытталған технологияларды енгізу;
-    өзіндік жетілу, өзіндік даму, өзіндік жүзеге асу процестерінің іс-әрекет мүшелерін мотивациялау және ықпал ету.