2014 ЖЫЛДЫҢ 2 ШІЛДЕСІ МЕН 3 ШІЛДЕСІНДЕ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ БІЛІКТІЛІКТІ БЕКІТУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН «НАЗАРБАЕВТАНУ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНДА

Назарбаев Зияткерлік мектептері Дербес Білім беру ұйымдары филиалдары арасында ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы негізінде ШЫМКЕНТ, ҚЫЗЫЛОРДА қалаларынан Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мен ұстаздары болды. «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру қызметі Орталығының  міндеттері мен негізгі мақсаттары жайында мағлұмат алып, үлкен әсер алғандарын айтып өз тілектерін білдірді.