Біліктілікті бекіту орталығы жаңа оқу жылын тарихи оқиғалар және Халықаралық маңызы бар қонақтарды қабылдаумен бастады:

15 қыркүйек күні Біліктілікті арттыру орталығы мен «Назарбаевтану»  ғылыми білім беру орталығында Халықаралық Еуразиялық теледидар, радио және баспа академиясының Вице-Президенті Ресей Ғылым академиясының академигі Кипрас Мажейка мырза болды. Кеңес дәуіріндегі халықаралық журналистиканың бірегей өкілі, осы салада 43 жыл жемісті еңбек еткен Кипрас Мажейканы орталықтардың жұмысы мен мүмкіндіктері тәнті етті. Академик…

19 қыркүйек күні Германияның академиялық айырбас жөніндегі қызметінің (DAAD) аймақтық директоры Михаель Яуманн

Біліктілікті бекіту орталығында болды.  Михаель Яуманның келу мақсаты DAAD Халықаралық грантынан үміткер студенттер мен магистранттардан on-line режимде тест қабылдау.  Орталықта өткен білім сынағына қаламыздағы ірі оқу орындары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Қазақ-Американ  Еркін университетінен 25 адам қатысты.  Ресми сапармен келген лауазымды тұлғаға университетіміздің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Г.Қ.Қапышева…

18 қыркүйек күні Біліктілікті бекіту орталығында Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаты елшісінің орынбасары Майкл Клечески болып

университет басшылығымен және шет тілі,  Халықаралық қатынастар мамандығының студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.  Университет ректоры Ә.ӨҚуандықов қадірлі қонаққа университеттің бүгінгі ахуалы, даму болашағы, алдында тұрған міндеттері жайлы сөз етті. Студенттер елші қызметінің қиындығы мен қызығы жайлы сауалдарын қойып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды...   

18 қыркүйек күні бізде қонақта әйгілі білім ордасы Кембридж университетінің профессоры Саймон Редферн мырза болды.

Минералдық физика саласының ірі маманының университетке келу мақсаты – физика мамандығының студенттеріне дәріс оқу.  Біліктілікті бекіту орталығы мен «Назарбаевтану» орталығының қызметкерлері орталықтардың миссиясы мен міндеттері, қазіргі жұмыс бағыттары, болашағы туралы кеңінен мағлұмат берді. Профессор орталықтардың жұмысына қызығушылық  танытып, бірқатар ұсыныстарын білдірді...