2015 ЖЫЛДЫҢ 11 – 14 НАУРЫЗЫ АРАЛЫҒЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында «Серебрянск қаласындағы балалар музыкалық мектебі» мұғалімдері мен «Шығыс Қазақстан облыстық ағайынды Абдуллиновтар атындағы өнер училищесінің» оқытушыларына арналған «Мамандандырылған музыкалық аспаптар» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.  

2015 ЖЫЛДЫҢ 21 АҚПАНЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында Өскемен қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының декандарының орынбасарлары мен аға оқытушыларына арналған «Бәсеке қабілетті маман қалыптастырудағы студенттік өзін-өзі басқарудың рөлі» атты оқыту семинары өтті. Аталмыш семинардың лекторы ректордың тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова.

2015 ЖЫЛДЫҢ 26 АҚПАНЫ МЕН 26 МАМЫРЫ АРАЛЫҒЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында Филология факультеті «Шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған «Ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтті.

2015 ЖЫЛДЫҢ 23 АҚПАНЫ МЕН 10 НАУРЫЗЫ АРАЛЫҒЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында Экономика және бизнес факультеті «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған «1С-Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтті.

2015 ЖЫЛДЫҢ 04 АҚПАНЫ МЕН 13 НАУРЫЗЫ АРАЛЫҒЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында университет магистранттарына арналған «Кәсіби іс-әрекеттің акмеологиялық негіздері» бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтуде.

2015 ЖЫЛДЫҢ 23 ҚАҢТАРЫ МЕН 13 НАУРЫЗЫ АРАЛЫҒЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында университет мұғалімдеріне арналған «Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу» бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтуде. Курстың лекторы АТО директоры А.Р.Сыздыкпаева.

2015 ЖЫЛДЫҢ 14 ҚАҢТАРЫ МЕН 28 МАМЫРЫ АРАЛЫҒЫНДА

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында кафедра меңгерушілері мен кафедра меңгерушісі лауазымына кадр резервіндегі оқытушыларға арналған «Кафедраны басқару» бағдарламасы бойынша оқыту курсы өтуде.