ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ШҚО МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ӨТКІЗІЛГЕН ЭКСКУРСИЯ ЖӘНЕ ПРОФОРИЕНТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

С.Аманжолов атындағы Біліктілікті бекіту орталығында 2016 жылдың 23 мамырында Өскемен қаласы және ШҚО мұғалімдері үшін экскурсия өткізілді. ББО директоры Б.Б.Келгембаева мектеп мұғалімдеріне Біліктілікті бекіту орталығы қызметімен таныстырып өтті, мұғалімдер Реноме-технологиялар акмеологиялық зертханасын, психофизиологиялық және полилингвалды зертханаларын тамашалады. Мұғалімдер психофизиологиялық зертхана аспаптары арқылы кәсіби диагностикадан өтті. Экскурсия мұғалімдердің танымдық қызығушылығын тудырып,…

«САЙТТАРДЫ ҚҰРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ» КОУЧИНГ ЖӨНІНДЕ

2016 жылдың 16 мамырында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығының ұйымдастыруымен Ворошилов к., 148 мекенжайында орналасқан  № 7 оқу ғимараты, 206, 212 дәрісханаларда «Сайттарды құру платформалары» бағдарламасы бойынша коучинг өткізілді. Коучинг сабағын жаттықтырушы (коуч) компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Тлебалдинова Айжан Солтангалиқызы өткізді. Бірінші кезеңде: интерактивті…