АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ

2016 жылдың 30 қыркүйегі мен 30 желтоқсан аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында студенттерге арналған Beginner A1, Elementary A1, Pre-Intermediate A2 бағдарламалары бойынша «Ағылшын тілі» оқыту курсы өткізілді. Оқыту курсын ББО полилингвалды зертхана меңгерушісі, педагогика ғылымдар магистрі Мамчур А.С. жүргізді.