ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

Біліктілікті бекіту орталығында әлеуметтік  қызметкерлерге біліктілігін бекіту курсы өтті

 

2017 жылдың 23 мен 28 қаңтары аралығында «Психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім көрсету жөніндегі әлеуметтік жұмыс» бағдарламасы бойынша «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ әлеуметтік қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Тыңдаушылар әлеуметтік жұмысқа арналған әдіснамалық тәсілдерімен, Қазақстан Республикасы тұрғындарын заңнамалық-нормативтік қорғау базасымен, әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы технологияларымен, мүгедек және психоневрологиялық аурулары бар балалар үшін қимыл-қозғалыс және дамыту ойындарын ұйымдастыру әдістерімен танысты. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-медицина және психологиялық аспектеріне ерекше назар аударылды.

Курсты педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Г.Н.Губайдуллина жүргізді. Тыңдаушылар қорытынды тестті жақсы тапсырып, сертификаттарға ие болды.

      

 

Біліктілікті бекіту орталығы