Шығыс Қазақстан облысының ұстаздары Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның педагогикалық тағылымына тәнті болды...

2017 жылдың 27 наурызынан «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы және педагогикалық тағылымы» атты курс басталды. Дәріс, тренингтерді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, ф.ғ.д. А.М.Картаева, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі, Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхананың жетекшісі М.Қ.Мұқашева, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент Б.Б. Келгембаевалар жүргізеды.

Курстың алдына қойған мақсаты - «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызының «Ой салу, ойланту» технологиясын үйрету, педагогикалық тағылымын насихаттау, есімін ұлықтау.

 

 С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

 Біліктілікті бекіту орталығы