Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздарына арналған курсы аяқталды

2017 жылдың 27 мен 31 наурызы аралығында «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы және педагогикалық тағылымы» атты біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Бұл курсқа 20-ға жуық мұғалім, қатысты. Курстың алдына қойған мақсаты - «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызының «Ой салу, ойланту» технологиясын үйрету, педагогикалық тағылымын насихаттау, есімін ұлықтау болды.

Тыңдаушылар курсқа аса қызығушылық танытты, университет басшылығына, лекторларға зор алғыстарын білдірді. Курстың соңында мұғалімдерге сертификаттар берілді.

 

 

 Біліктілікті бекіту орталығы